Жүрегіме ұя салды ымыртта

Бұл бетте «Жүрегіме ұя салды ымыртта» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Сарғайғанда, сағыныштан гүл өрем,
Жапырақтар жанарына түнегем.
Жүрегіме ұя салды ымыртта,
Ғарыш жақтан ұшып келіп бір өлең.

Аспан жақтан келді тылсым бір хабар,
Бұтақтарда қатқан сүңгі сырғалар.
Менсіз дағы мынау ғажап дүние,
Мың ақынның жүрегі боп жырланар.

Қысқы бақтың ішін тінтіп кеземін,
Өртеймінде өмір қыздың өзегін.
Қоңыр күзде қош айтысқан арманнның,
Көктем болып ораларын сеземін.

Айдың аппақ сәулесіне оранып,
Бойдағы бар сабырымнан тоналып.
Жүрегімді теліп арман, үмітке,
Бір бағытқа бара жатам жол алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегіме ұя салды ымыртта өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Жүрегіме ұя салды ымыртта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегіме ұя салды ымыртта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегіме ұя салды ымыртта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері