Терезе алдындағы раушан гүлі – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Терезе алдындағы раушан гүлі» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Терезе алдында тұрды гүл,
Сарғайып еріні кезерген.
Жүректен төгілер мұңлы жыр,
Менімен жаның бір сезем мен.

Көзімде көктемнің елесі,
Жанымды неліктен өртедің.
Жылжиды өмірдің кемесі,
Батқанда келте күн.

Раушан гүлі еді тым сұлу,
Інкәрлік бойына сіңірген.
Жүректен жойылған құлшыну,
Бір хабар күтетін іңірден.

Раушан қиялым елтеді,
Бір сезім сыбырлап шақырып.
Көңілдің мұң күйін шертеді.
Жүрегім аһ ұрып.

Ығыр боп тірліктен мазасыз,
Жек көргем бір кезде қаланы.
Кім қалар тәңірден жазамыз.
Ғасырда ...налалы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері