Сол баяғы үнсіздік – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Сол баяғы үнсіздік» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Өр рухым аспанға ұшып өрледі,
Сүлдерімді көзге ілместен жердегі.
баяны жоқ бақыттарға бағынған,
Адамдардың бәрі қандай шерлі еді?
Тіреусіз көк күліп тұрды мысқылдап,
Тағдырларың кетпесін деп қышқылдап.
Ақын отыр өмір жайлы жыр жазып,
Қауырсынын жұлып алып құстың қап...
Түнгі дала тыныштықта мүлгіген,
Сырласымдай сезінуші ем түнді мен.
Қимылымды бағып үнсіз жар отыр,
Қабағымен қарап қойып бір күрең.
Кейде тірлік жібереді нұрсыз ғып,
Көңілдердің аспанына күн сыздық.
Біздің ғұмыр іштей ғана арбасқан,
Сол баяғы үнсіздік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері