Алтайдың алтын қанаты – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Алтайдың алтын қанаты» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 748
(Қанат Исламға)
Кеудесін ерлік кернеген,
Намысын жатқа бермеген.
Көк түріктердің ұрпағы,
Егескен сайын ерлеген.

Елжіреп күнде.. күледі,
Шойындай оның білегі.
Алтайдың алтын қанаты,
Елім деп соққан жүрегі.

Жасын ғып отты жанарын,
Дарабоз ұлы даланың.
Ұрпағы еді ол батыр,
Қабанбай сынды бабаның.

Көк бөрі жортқан даласын,
Мақтанды қайсар қара шың.
Кәр құрлық көкке көтерді,
Көкжалдың нағыз баласын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері