Не силар деп атар таңдар келесі

Бұл бетте «Не силар деп атар таңдар келесі» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 614
Не силар деп атар таңдар келесі,
Есерліктің ербеңдеді елесі.
Ысқырып кеп көкірегіме қадалды,
Уға малған қара тілдің жебесі.

Көңілімді баса алмастан тасынған,
Риясыз мен бәріне бас ұрғам.
Күліп тұрып гүл қадаған кеудеме,
Сұқ көздер ай сұмдықтарын жасырған.

Қасіретті күйін кешіп ғазалдің,
Бұратыла биін билеп ажалдың.
Мен сапасыз тауарына айналғам,
Көңіл деген шайтаны көп базардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не силар деп атар таңдар келесі өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Не силар деп атар таңдар келесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не силар деп атар таңдар келесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не силар деп атар таңдар келесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері