Бозторғай-жүрек – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бозторғай-жүрек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1490
Тербеді мені қанша арман,
Әлдилеп әлі келеді.
Бозторғай-жүрек ән салған,
Жанымды қозғай береді.
Танытып мінез бір қызық,
Қысқандай біреу сығымдап,
Кей кезде таңнан тұрғызып,
Шырқайды келіп шырылдап.
Даланың еркін құсындай
Келе ме қанат қаққысы –
Кеудеде қалып қысылмай,
Кеңдіктен ұя тапқысы?
Әуенін әннің үзбейді,
Еске сап есіл күндерді.
Білмеймін, нені іздейді,
Таба алса жақсы бір белгі.
Қарасам таңда қадалып,
Жұлдыздар көктен жиі ақты.
Зу ете түскен балалық
Біреуі соның сияқты.
Елестеп көзге мол құрдас,
Алданып тұрам бір уақыт.
Кірпікке іліп мөлдір жас,
Күлкіммен қайта құрғатып.
Тұрғандай қарап ойлы жан,
Тылсымнан тосын қозғап ән –
Қап-қара түннің қойнынан
Тесіліп қара көз маған.
Тартқанмен қанша күн алға,
Ғұмырдың соңы – бір нүкте.
Құмардан адам шығар ма
Қызыққа толы тірлікте.
Бозторғай-жүрек құртымдай,
Қысқандай біреу сығымдап,
Апыр-ау, неге бір тынбай,
Шырқайды келіп шырылдап?!

1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозторғай-жүрек өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Бозторғай-жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозторғай-жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозторғай-жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері