Сіркіре көктем жаңбыры – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Сіркіре көктем жаңбыры» атты Гүлманат Әуелхан жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1105
Тазарсын мынау көңіл кір,
Сіркіре көктем төгіл бір.
Сағыныштан тұрады,
Мендегі мұңлы өмір кіл.

Сіркіре көктем жаңбыры,
Жазылсын жалын жан жыры.
Тағдырымды түрлентсін,
Тамылжып атқан таң нұры.

Аспанға көңіл туымды іл,
Бұрымыңа бұлтты буындыр.
Інкәрлік толы жүректі,
Аппақ нұрыңмен жуындыр.

Сыбырлап айтта сырыңды,
Сіміріп барлық мұңымды,
Әлпеншек етіп тербегін,
Тыныштық тұнған түнімді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері