Өлең, жыр, ақындар

Көкіректе толған шер, көңіл қаяу...

  • 14.04.2015
  • 3
  • 2
  • 12901
Көкіректе толған шер, көңіл қаяу,
Ермейсің деп елім жау, досым баяу.
Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ,
Бір өзіңе сыйындым, бір құдай-ау!

Елге көнсем, ақ жолдан адасамын,
Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын.
Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды,
Енді қайтіп бұл елмен жарасамын.

Бір момынның ұстасам түзу ісін,
Жөндейін деп ғарыптың жөн жұмысын –
Ақтан безген ары жоқ өңкей залым
Ырылдатып жабады ит пен құсын.

Көп төбетке жетеді қайдан күшім,
Құтқара алмай адалды пысады ішім.
Қабағыңды қаққанша қас болады,
Жақыным деп болысып жүрген кісім.

Осы күнде арамның жолдасы мол,
Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол.
Мақтан, атақ іздесең – Құдайдан без,
Ардан күсіп, арамның біреуі бол.

Мұны қылсаң, боласың сен де мықты,
Қайдағы қу, алдампаз төрге шықты.
Ел ішінде сенен қор жан бола ма,
Ұстаймын деп отырсаң адалдықты.

Елеуірген есірік елдің бәрі,
Өңкей батыр, бәлеқор жас пен кәрі.
Сені адам деп есіркеп кім ойлайды,
Құлап қалған қу молаң кімге дәрі...

Әрине, сен де бірге жүрсең екен,
К...іңді ашып, көйлекті түрсең екен.
Әбүйір жоқ, сана жоқ, ақтан безіп,
Дамбал шеш, ит зікірге кірсең екен.

Мен алалмын дегенге жолдас қайда,
Екі көзі төрт болып қалар сайда.
Сырласы жоқ, сырласар жақыны жоқ,
Бар сүйеніш, үміті – бір Құдайда.



Пікірлер (2)

Махаббат Ашмақын

Күшті!

Пікір қалдырыңыз

Жолама, қулар, маңайға...

  • 3
  • 4

Жолама, қулар, маңайға,
Не қылмадың талайға?
Кiм жағады сендерге
Тартқызған азап Абайға?

Толық

Мақсұд

  • 0
  • 2

Бір Алла, бергеніңе сансыз шүкір,
Қалған жоқ зал болып қылған пікір.
Бітірдім «Түрік, қазақ шежіресін»,
Болса да кемшілікті, қисық-бүкір.

Толық

Ажал, маған арақ берсең...

  • 1
  • 1

Ажал, маған арақ берсең,
Кейімей мас болып өлсем,
Қияметте түрегелсем,
Айықпай куанып жүрсем.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар