Болашаққа біздер солай жол алдық
Бұл бетте «Болашаққа біздер солай жол алдық» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болашаққа біздер солай жол алдық,
Аппақ, адал сезімдерді обал ғып.
Бұлдыр-бұлдыр елестерді қуалап,
Бұйра-бұйра бұлтқа сіңіп жоғалдық.
Сезбеппіз-ау,
Көктем ғұмыр өткенін,
Күтіп жүріп саралақаз жеткенін.
Буаз бұлттар қарындарын сүйреткен,
Ақ жауынға айналып бір төккенін.
Біздің солай екі айрылған жолымыз,
Тағдырдан ғой, бағымыз да сорымыз.
Қолын бұлғап әлсін-әлсін шақырды,
Сағынышқа толы күз...
Біздер мәңгі жолықпайтын шығармыз,
Көңілмен бір толықпайтын шығармыз.
Үміттердің шамы қалғып кеуде де,
Үнсіз қалып тынармыз...
Бұла-бұла сезімдерді обал ғып,
Қобалжыдық, қорқынышқа тоналдық.
Құс секілді құба даусын құлатып,
Құрақ-құрақ бұлтқа сіңіп жоғалдық.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі