Соқпа - ай - соқ – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Соқпа - ай - соқ» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 8473
Мінезі жүйрік аттың соқпа - ай - соқпа,
Айтамын мен өлеңді осына-ай топқа.
Сөйлеп қал, қызыл тілім, өлмей тұрып,
Өмірің біразырақ бар ма-ай, жоқ па?
Ал десе, еркін жүйрік ағындаған,
Ақылға кейбір надан бағынбаған.
Жігіттік - бойға таққан бір гауһар тас,
Қартайсаң, қайта айналып табылмаған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері