Жауыздыққа жаны қас – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жауыздыққа жаны қас» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1033
Жауыздыққа жаны қас,
Дес бермеген,
Ақиықтың ұрпағы ем төске өрлеген.
Сахарадай кеудемді күмбір-күмбір,
Жыр-жиһазбен жасанған
Көш кернеген.
Арғымақ ат – нақ дүлдүл
Тақымымда,
Кетпесе екен тағы да қапы мұңда.
Құладүзде қасқая жол бастаған,
Сен не айтасың, Алатау,
Ақын ұлға?
Жетем бе екен,
Білмеймін дегеніме?
Ұсынамын елімнің елегіне.
Ымырт түссе ырықтап,
Жарық күнді,
Ғұмыр тілеп,
Көз жұмам өлеңіме.
Жоғалмасын әнімнің мағанасы,
Шарықтасын арманның шағаласы.
Ақиықтың ұрпағы ем көкке өрлеген,
Қара басым – қара өлең –
Садағасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері