Көктемнің түні ызғырық
Бұл бетте «Көктемнің түні ызғырық» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктемнің түні ызғырық,
Суынған менің сезімім.
Бермейді өмір бізге ырық,
Күңгірттеу – тірлік, мезімін.
Жанарға жүрмін шық байлап,
Көзіме тұтып кірбіңді.
Үмітім алдан шықпай қап,
Өлтірдім ішіп бір күнді.
Көңілім жатыр аһ ұрып,
Жүрегім қалды қанқақсап.
Тереңге тәлей батырып,
Қиырға атты қаңбақша ап.
Сенделдім сосын сенделдім,
Көшені кезіп, тентіреп.
Хатыңды оқып емделдім,
Болдың ғой, қалқам, сен – тірек.
Тырбанам өрлеп, шатқалда,
Шығарар өмір үкімін.
Бақытым болып ақ таңда,
Келесің қашан, үкілім?..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі