Көзiме менiң ыстық жас толып, үзiлер – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Көзiме менiң ыстық жас толып, үзiлер» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Көзiме менiң ыстық жас толып, үзiлер,
Жүрегiм – сүзгi, шерiм мен мұңым сүзiлер.
Таппадым қада жағалаулардың маңынан,
Тоқтасам түсiп, қайықтың жiбiн бiз iлер.
Жүзiне судың жолақ сап жалғыз лағамын,
Байызсыз ойдың байырқаламай бағамын.
Шaғала қалың шарқ ұрып мұнда шаттанған,
Іздегенiмдi таппаспын бәлкiм, табамын.
Арынды – теңiз, ауанға қарсы ағамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері