Бұл бетте «Балбырап атқанымен мамыр таңы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балбырап атқанымен мамыр таңы,
Жайнамай жаным менің жабырқады.
Жасырған жанарыңның жұмбағы көп,
Сол мені ауыртады, аңыртады.
Дерт байлап көкірекке салға айналдым,
Таусылып бара жатыр қалмай да әлім.
Ақбөпе, құпияңды құлыптайсың?
Жүрегім салып жатыр қан майданын.
Еріксіз тұншықтырды қайғы, мұң да,
Алғашқы сезіміңнен айныдың ба?
Басымды бәйгеге мен тіккен едім,
Барым да
өзің болдың байлығым да.
Жанарың күлген болып, нілденеді,
Күтесің, білмей жүрмін кімнен, нені?
Әйтеуір ол дегенде құлқың бөлек,
Осының өлтіреді күнде мені.
Есімнен адасып та қалғандаймын.
Жападан-жалғыз жүрмін жалғанда, Айым.
Жаңқаша құйындағы шыр айналам,
Кілтін бер жүрегіңнің, Аймаңдайлым ...
Жаныма бей-берекет салма уайым ...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі