Бұл бетте «Қоңыр өлең» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Қоңыр өлең,
Қоңыр тірлік,
Қоңыр қыз ...
Ештемені місе тұтпас, обырмыз.
Сезімді де сездіре алмас селт еткен,
Енді қайттік,
Сұңғыла емес, шоғырмыз.
Бар сырымды жүрегімде құндақтап ...
Көкейімде жоқ еді ғой тіл қатпақ.
Сенің нәркес жанарыңа жұтылып,
Ұмтыламын амалсыздан күнге – әппақ.
Қар да бүгін жапалақтап жауады,
Көк тәңірдің маған деген жауабы.
Қоңыр тірлік айналғандай ақ таңға,
Сарқылмайды
ал сананың сауалы ...
Қияли қыз қиялында басқа әлем,
Осыны ұқтым,
Көкейге көз тастап ем.
... Жаппалақтап жауған қардың астында
Кетіп бара жатқандай-ау басқамен ...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі