Жанбота
Бұл бетте «Жанбота» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанбота, осы ме еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің?
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?
Жанбота, өзің - болыс, әкең - Қарпық.
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Тартса да, домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Намыстан, уа, дариға, өлгенім жоқ.
Жанбота намысшыл жəне т.б
жанбота әнінің шығу тарихы зерттелген бе егер зерттелген босла маған сол туралы мәлімет керек еді көмектесіп жібересіздер ме
Birjan sara aitisi