Шарбы бұлттың ар жағында – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шарбы бұлттың ар жағында» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 848
Шарбы бұлттың ар жағында –
Ай-ғалам,
Жылыстайды,
Тартады оны қайда дәм?
Көкшулан түн көкіректі көмкеріп,
Меңіреуге айналғандай айналам.
Түнде елітіп ойларыма малданам,
Ал санамда сенің бейнең салған ән.
Ай да – жалғыз, сен де – жалғыз. Әлдене,
Іздеріңе
Ешбір шүбә қалмаған.
Шарбы ораса көктегі – Айды, сені – мұң,
Жетімсіреп жүретіндей көңілің.
Мен қасыңда болғаныма соншалық,
Пейілді емес секілдісің, елігім.
Алаңдатқан қандай сыр бар ұқпадым,
Мына күннің көре алмадым түк мәнін.
... Ай секілді көк аспанда жайнаған,
Қарсы алдымнан бір жарқ етіп шық, жаным ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері