Боран. Ақ боран далада безеді тілін
Бұл бетте «Боран. Ақ боран далада безеді тілін» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Боран. Ақ боран далада безеді тілін,
Таппайды мынау ойпаңның өзегі тыным.
Ала қаншықша қыңсылап, тырмалайды есік,
Ойым да ұйтқыған дауылдай кезі еді, күнім.
Қырқасы қырдың сұп-сұрқай, безерленеді,
Ысқырған долы үскірік өзеурегені.
Шылымды шегіп, бозғылтым боранға ұқсаған,
Түтінді жұтып, ерінім кезерген еді.
Тыстағы дойыр шүйілді, шімірікпеді,
Дауыл мен қарың төпеді бірігіп тегі.
Қара жер бәрін көтерді сақалы ағарған.
Жабылып кету, білмедім, ірілік пе еді?
Мұғаллақ тылсым мұңайды, дүбінді дүлей,
Қамысқа құдай саусағын бүлінді білей.
Тауансыз тағдыр шүңет көз татасы қалың,
Саудаға салды басымды, күнімді міней.
Есірік желің ұйытқыды саңырау кеппен,
Ол үшін күнә: ықтырып, қарымау беттен.
Санада – сойқан, борандай ақтүтектенген,
Көрсоқыр еттің,
Озбырсың, тәңір-ау, неткен ...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі