Шарапатқа көз ашқаннан ділгірмін
Бұл бетте «Шарапатқа көз ашқаннан ділгірмін» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шарапатқа көз ашқаннан ділгірмін,
Төлі болсам, құрбанымын бір күннің.
Сынық күреш бақ бермепті жаратқан,
Байлауда бас, кісісімін кірбіңнің.
Өмірімді өгейсіндім кілбиген,
Басымдағы кепті мынау кім киген?
Әкімдерім адам емес,
Аумайды,
Қылышынан қаны тамған Күнбиден.
Ықпалында пәрмендінің ындыным,
Көз жасымнан обалды ойлап, қыңды кім?
Аяқ лауы болып жүрмін әркімнің,
Мен жындымын, шынында да жындымын.
Арамдығын көре-көре сопыңның,
Қанатымды отқа салдым – опындым.
Құраннан да қорықпайтынын ұғынып,
Шіркеу барып, Исаға ұқсап шоқындым.
Көгіне ұшсам он сегіз мың ғаламның,
Табанымда қалар ма еді тамам мұң?
Түсінбедім мен жындымын, жанды-ақпын,
Әйтеуір бір өзгешелеу адаммын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі