Бұл бетте «Жұлдыздардың арасы мәлім маған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдыздардың арасы мәлім маған,
Сол жақтардан көресің тәлімді адам.
Сам жамырай бастайды, мен аттанам,
Қараңғыға сіңемін қалыңдаған.
Жердегілер жейтіндей жасқанамын,
Көрінеді жоқтай-ақ басқада мұң.
Жұлдыздардың арасы адамилау,
Шақырады қол бұлғап аспан-ағын.
Жаным шығып кей сәтте қыстығамын,
Қалт-құлт еткен бүгінде мүшкіл әлім.
Әлдеқашан тозыпты тобақазық,
Таңға жетпей қала ма түстік әнім?
Кәрі қыздай бақ кергіп, бұлданады,
Басқа қонбай тәлімсіп, тұл қалады.
Жұлдыздардың арасы – құт мекенім,
Ашық тұрар қашан да Күн қабағы.
Жан мүдуар – шуаққа тойынбаған,
Түсінбейді жалғанда ойымды адам.
Мен ертерек кетейін, ұстамашы,
Бәлкім сонда, ертерек, мойындалам ...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі