Бұл бетте «Кеудеңе шер құямын шүпілдеген» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған мұң туралы өлең берілген.
Кеудеңе шер құямын шүпілдеген...
Жүрсің бе жолға қарап күтуменен?
Жәутеңдеп қос жанарың сағынарсың,
Айналдым жүрегіңнен лүпілдеген.
Үкімі бәріне ортақ бір Алланың,
Өзіңсіз байыз тауып тұра алмадым.
Күндіз де сені іздеймін, түнде де ылғи,
Жалғыз сен – алыстағы шырағданым.
Әйтеуір алабұртып, елегіздім,
Іздемеске қу көңіл көне ме, Ізгім?!
Ақылым осыншама аңылжырдай
Тіліңнен бал-шырынды неге еміздің?
... Кеудеңе шер құямын шүпілдеген,
Тұршы сен самал желпіп шытыңменен.
Талыққан көңіліме демеу болсын,
Алыстап кете көрме, үкім менен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі