Өлең, жыр, ақындар

Шырықты алып, салды тағдыр сәңкіні

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Шырықты алып, салды тағдыр сәңкіні,
Тиді маған сезіміңнің салқыны.
Дәме етті де менің шыбын жанымнан,
Ісіп қалды ажалыңның алқымы.
Қашып келем иманымды қамшылап,
Маңдайымнан шашты аямай таң «шуақ».
Қансыратып жүрегімді әбілет,
Көтереді найзасына шаншып ап.
Жүгіремін беталбатты дедектеп,
Қуалайды түз далаға жел-өкпек.
Жәбірейіл жанымды алса нетемін?
Албастыдай тұтқиылдан кенет кеп.
Басым – добы Алла деген жазғанның,
Сенделемін, жындануға аз қалдым.
Талғамым да жоғалғандай тозып тым,
Қос жанарым былшықтанып, баздандың.
Дәнеңені көре алмаймын дәйекті,
Қу тірлікке қулар бар ғой әй, епті.
Алашапқын адамдары, сақтай гөр ...
Мәні қашты сөздерімнің мәйекті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сасық көкек

  • 0
  • 0

Келбетке
Бөгделерміз, жоқ тіпті пана баста,
Ешкім бізді «адам» деп санамас та.
Білім іздеп келгенбіз қыр төсінен,

Толық

Шимай-шимай жаныңды жайып салдың

  • 0
  • 1

Шимай-шимай жаныңды жайып салдың,
Басты еңсеңді, дертіңнен айықсаң – мұң.
... Долданады көк теңіз, қайық кетті,
Болса керек өзінде айып шалдың.

Толық

Сағынышымды жүрекке бөлеп, сенделдім

  • 0
  • 0

Сағынышымды жүрекке бөлеп, сенделдім,
Кәріпшілік-ай, кеудеме көсіп көң көмдің.
Кішкентайымнан интернатта оқып,
Тағдырдың,

Толық

Қарап көріңіз