Сенің назың
Бұл бетте «Сенің назың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенің назың ...
Қабағың ...
Әппақ қандай тамағың.
Ал мойның –
Алманың –
елестетер сабағын.
Көзің неткен аялы
Мейірімін жаяды.
Жаның әркез,
Қиналсам –
болар маған саялы.
Сенің назың, қылығың,
Еркелігің, ұғымың –
Тұп-тұнық-ау кіршіксіз,
Мөлдіріндей шынының.
Жаның тұнған нәркестік,
Сезіміңді әлпеш қып.
Маған құшақ жаясың,
Қылық тауып әр кештік.
Ақзерім-ау,
лағылым,
Арман, қиял, сағымым –
Мың бір түндік ләззат,
Ал ұғынсаң – тағылым ...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі