Бұл бетте «Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің,
Арманыңды күл етті ең сенгенің.
Кірпігіңді қуалап жас тамады,
Жұбатам деп мен сені белсенбедім.
Өмір бізді айдады соқпағына,
Келіспеймін тағдырдың тоқтамына.
Аптабына араптың апталғанмын,
Жандыра алмас жанымды от та мына.
Іркілмедің, жасыңды тия алмадың,
Сығымдады миыңды қияндағы үн.
Азып-тозып, барасың аймен бірге,
Сенің балғын кезіңді қиялдадым.
Арман, арман... барлығы – аңыздай шын.
Жүйрік жылдар жалмауыз, жауымдайсың.
Бір тал жас боп үзілсем ел көзінен,
Көп көресің соны да тамызбайсың.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі