Айтпай

Бұл бетте «Айтпай» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 9673
Атымның қақ тұрады сауырына,
Қос тепкі салып келем бауырына.
Қолынан шай құйдырып ішейік деп,
Келеміз Айтпай сұлу ауылына.
Мамакең, Айтпай десем, күлімдейді,
Сұр жорға астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз құбылып,
Сал Біржан ән салуға іркілмейді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері