Жалған-ай! Жабықтырдың, жабықтырдың – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жалған-ай! Жабықтырдың, жабықтырдың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 905
Жалған-ай! Жабықтырдың, жабықтырдың,
Қайғыға қара басты қарық қылдың.
Жер басып жүруге де зар болармын,
Құрбанға жіберерсің шылып бір күн.
Тапалып күн кешкеннен жеңіл білем,
Бұ жақтан о дүние көңілді ме ең?
Сақтиян етігімді киіп кетем,
Кешермін шын ғанибет өмірді мен.
Таныттың маған деген бейім ниет,
Тағдырға қарны тоймай кейиді көп.
Алаңсыз жөнер едім қайда болсын,
Біздерді біле ме екен кейінгі лек?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері