Періште ме едің ақ арман? – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Періште ме едің ақ арман?» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 849
Періште ме едің ақ арман?
Тұлғаңды көріп таң қалам?
Маңдайың керім ағарған,
Жаныңды тозаң шалмаған.
Бадана көзің мойылдай,
Арбады
Естен тандыра.
Қараймын саған тойынбай,
Сезімнің отын жандыра.
Жүзіңнен көрем бір шуақ,
Ерніңде және нұр-тамшы.
Жүрегім әзер жүр шыдап,
Мойныңды бір сәт бұрсаңшы.
Мөлдірей қалған шырайың,
Еріксіз көркің тартады.
Арнадым жырдың шұрайын,
Жазарым және бар тағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері