Жатқаныма көп болды

Бұл бетте «Жатқаныма көп болды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Жатқаныма көп болды –
Сақаймағам,
Керегі жоқ дәрінің, апай, маған.
Аңсап жүрмін ауасын ауылымның,
Сағыныш бар кеудемде атойлаған.
Тіршілігі қажытты палатаның,
Көңіл құштар,
Көруге дала таңын.
Жіберіңіз екі-үш күн.
Үйге барам,
Анашымның сағындым алақанын.
Қу төсекте қашанғы таңыламын,
Беріш сынды жабысқан жаныма мұң.
«Топырағына емделем туған жердің»,
Жіберіңіз, апатай, жалынамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жатқаныма көп болды өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жатқаныма көп болды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жатқаныма көп болды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жатқаныма көп болды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері