Қартайсақ екен әдемі

Бұл бетте «Қартайсақ екен әдемі» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 683
Жастығым өтіп кетсе де,
Егделік келіп жетсе де,
Жырыммен жүрмін жасарып,
Жүрегімдегі от сөнбе!
Ішінде болар тұспал мың,
Киесін сөздің ұстармын.
Өлімнің барын білсем де,
Өмірге мынау құштармын.
Шүкір ғып осы тірлікке,
Ұйытып ұлтты бірлікке,
Түтіні түзу ұшса деп
Үңілдім түрген түндікке.
Елімнің жүрер жеп қамын,
Келеді өсіп көп дарын.
Өшпесе екен еш солардың
Ошақта жанған оттары!
Жүрсе де болып бұрын дау,
Мүмкін бе дінге бұрылмау?
Мұсылмандыққа бет бұрып
Ұлтымның тілі тірілді-ау!
Шабыттың шамын жағайын,
Шалқып бір қайта жанайын
Сөндірмей жырдың алауын,
Болашаққа алып барайын.
Акынның аппақ әлемі,
Жазылған жырлар – жан емі...
Алғысын елдің арқалап,
Қартайсақ екен әдемі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қартайсақ екен әдемі өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Қартайсақ екен әдемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қартайсақ екен әдемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қартайсақ екен әдемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері