Ләңгі

Бұл бетте «Ләңгі» атты Әлібек Шегебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2536
Күзгі талдай төгілген жапырағы,
Көңіл құсым ойларға батырады.
Қиялымды қытықтап анда-санда,
Балалығым қол бұлғап шақырады.
Сығаласа санаңнан сағым күндер,
Жүректегі жұпарлы бағың гүлдер.
Сағыныштың тартады сыбызғысын,
Ләңгі теуіп ойнаған лағыл - күндер.
Шығып алып ауылдың шетіне біз,
Ләңгі ойнауға топ бала бекінеміз.
Қой терісін қиып ап, келісті қып,
Қорғасынға құйылған, бекітеміз.
Қатқан ләңгі жасау боп ниетіміз,
Тері көрсек қырғидай тиетінбіз.
Қорғасыны аяққа батпас үшін,
Қонышы бар бәтіңке киетінбіз.
Ескерткенде үй барын, бататын күн,
Ойын қанбай, біртүрлі тартатын мұң.
Құшағына ұйқының талып құлап,
Түсімде де ләңгі ойнап жататынмын.
Оятқанда қалалық таңғы дүбір,
Ақтарылар ойларым сандығы нұр.
Бесігінде бақыттың тербелетін,
Баста мәңгі тұрмайды ләңгі – ғұмыр.
Қадамыңды басқанмен санап бекем,
Тіршіліктің қояры талап бөтен.
Телефонға телмірген бүгінгінің,
Балаларын біртүрлі аяп кетем..!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ләңгі өлеңінің авторы кім?

Әлібек Шегебай — осы өлеңнің авторы.

Ләңгі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ләңгі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлібек Шегебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ләңгі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері