Дәуір дерті

Бұл бетте «Дәуір дерті» атты Әлібек Шегебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3067
Дабыра мен дақпыртқа құмар ек тым,
Қауқылдаған кешегі құлады екпін.
Тынышталып бір сәтке,
Тыңдайықшы,
Не дегісі келіп тұр мына дерттің?!

Отырмыз ғой арандап, алаңдап та,
Тыңдайықшы,
Құлақ сап ғалам жаққа.
Тілін егер түсінсең мына дерттің,
Айтары бар секілді адамзатқа.

Жақсылықты жамандық жуып бітті,
Жүректер де кеткендей суып тіпті,
Оңашада отырып ойлансын – деп,
Адамзатты үйіне қуып тықты.
Зар илетіп сонан соң сор үйірген,
Заман да өтті молалар мол үйілген.
Бар болғаны үйіңе қамап қойды,
Қуып шықса қайтер ең сол үйіңнен.

Тексіздікке төр беріп күле кірген,
Тапты ма екен тілінен, тілегінен.
Байқасаңыз мына дерт,
Басқа емес,
Жайылуда адамзат жүрегінен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәуір дерті өлеңінің авторы кім?

Әлібек Шегебай — осы өлеңнің авторы.

Дәуір дерті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәуір дерті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлібек Шегебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәуір дерті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері