Жиіркенішті жан

Бұл бетте «Жиіркенішті жан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 664
Жүре берсең,
Көре бересің деген
Рас екен.
Мына бір жанның –
Күресіннен шыққандай –
Тәні де,
Жаны да лас екен.
Сөздері
Шайтанның
Дәретіне суғарылғандай
Қашыр да құшыр.
Жүріс- тұрысы
Бақсылардың
Жын-перілерді қуғандарындай
Тасыр да түсыр.
Тыңдап отырып
Қаның тасып кетеді.
Миың ашып кетеді.
Тыңдап отырып
Бірде қызарып,
Бірде бозарып
Сан түсті түрге енесің.
Ақырында,
Сол бір адамнан –
Ібіліс түкіріп кеткендей
Жиіркенесің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиіркенішті жан өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жиіркенішті жан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиіркенішті жан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиіркенішті жан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері