Астапыралла!

Бұл бетте «Астапыралла!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 781
Қазанның күйесіндей
Қап-қара түн.
Бір кезде
Бүйірімнен біреу
Шаншудан бес бетер
Бір түртті.
Сонысымен
Денемді
Аяздай қарып
Жан-дүниемді
Үркітті.
Шап беріп
Ұстай алдым.
Үп-үшкір темір екен.
... Жарқ еткен жанарынан
Найзағай
Байқап қалдым:
Шаштары
Қырық жыланды
Өрім екен.
Алыса кеттік.
Денесі
Су сияқты
Сұйық боп шықты.
Апыр-ай,
Ұстағанмен
Жұлып ала алмайсың.
Соққанмен
Ұрып ала алмайсың.
Басындағы
Қырық жыланы
Тілдерін сумаңдатып
Ысқырып тұр.
Сонысымен-ақ мені
Жайпап жіберердей
Тықсырып тұр.
Басында
Қырық жылан шулаған
Сол бір сұйық бәлеге
Сіңіп кеткендей болдым;
Тұла бойым жидіп
Іріп кеткендей болдым.
Жұлқындым,
Бұлқындым.
Жағаласып
Алысып бақтым,
Табандасып
Қарысып бақтым.
Таудың бөктері болатын.
Сатұр-сұтыр етіп
Тастар шашылды.
Бір кезде жұлдыз көрініп
Аспан ашылды.
Мен алысқан
Сұйық денеңіз
Су құсап
Қара жерге
Сіңіп кетті.
Ысқырып түрған
Қырық жыланың
Тозған шүберектей
Іріп кетті.
Қарасам:
Астымдағы атым
Қан сиіп
Жер табандап қапты.
Келе жатқан соқпағым
Шекараның ар жағындағы
Айдаһардың құйрығындай
Ширатылып
Жер сабалап жатты.
Астапыралла!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астапыралла! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Астапыралла! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астапыралла! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астапыралла! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері