Соқыр түннің кеспірі

Бұл бетте «Соқыр түннің кеспірі» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Соқыр түннің кеспірі,
Үрейлі еді, қаймығам.
Жұлдыздың жоқ ешбірі,
Шықпай қойды Ай да – ылаң.
Бөрі ұлиды жондардан,
Жапан дала жабыққан.
Ессіздіктен оңды арман,
Леп еседі тамұқтан.
Қар борайды ышқынып,
Оппаларға малтықтым.
Танытты бір қыс «қылық»,
Күш көрсету – салты, ұқтым.
Бағытымнан жаңылдым,
Басым сордың далдасы.
Ай – жоқ: қаңғып, сабылдым –
Мұсылманның таңбасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соқыр түннің кеспірі өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Соқыр түннің кеспірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соқыр түннің кеспірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соқыр түннің кеспірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері