Алаяқ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алаяқ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1272
Мұңайып сөйлесең –
Өмiрден тәшпiш көрiп! –
Жүрегiңнен
Қан сорғалап тұрғандай.
Тыңайып сөйлесең –
Тiлiңнен –
Бал сорғалап тұрғандай.
Кiмдi болса да
Алдап аласың.
Арбап аласың.
Жең ұшымен жалғасып
Жалдап аласың.
Күл астындағы судай
Бiлдiрмей бүлдiретiн
Бұзықсың.
Май табанында –
Жасырынып жатқан –
Алмас тырнағы бар
Мысықсың.
Iшiңде! –
Үйдей үлкен
Бәле жатыр.
Сол бәленi мекендеген
Iрiң iшетiн құрт пенен
Қан сорғыш
Кене жатыр.
Кездескен жанға –
Жалтылдап,
Құбылып ойнаған
Қылықтысың.
Бiрақ та
Ұйығанды iрiтетiн
Iрiткiсiң.
Екi адамды жау қылсаң –
Бiлдiрмей мәз болып –
Күпсiп тұрасың.
Қашан көрсем де
Iшiңде – сөнбейтiн! –
Шала жатқандай
Бықсып тұрасың.
Мен сенiмен –
Жан берiп,
Жан алысардай
Жағаластым.
Жеңе алмадым!
Өйткенi сен
Iбiлiспен кiндiктес,
Албастымен аталассың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаяқ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алаяқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаяқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаяқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері