Бұл бетте ««Құс қанаты» биыл қалың төтеннен» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Құс қанаты» биыл қалың төтеннен,
Бұзды сертін өрескел.
Құстар бәлкім, жете алмай жүр шетелден,
Құдай жасын көр, ескер.
Шөбі де жоқ болатұғын шешемнің,
Көк сиыры – көтерем.
Селбесетін, қауқары жоқ – мешелмін,
Не тындырам?! Жетер ем ...
Сезінемін бәріне өзім айыпты,
Біреу мені бөктерді.
Қасіретін қайғыма әкеп қайытты,
Көріп жүрмін көп кергі.
... Құстар бәлкім, жете алмай жүр шетелден,
Құдай, жасын көр, ескер.
Парызым жоқ шеше алдында өтелген,
Құр далбаса, елестер ...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі