Көсілсем деп ем сетердей

Бұл бетте «Көсілсем деп ем сетердей» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Көсілсем деп ем сетердей,
Иыққа мінді сергелдең.
Сөздерім өлді бекер кей,
Қысымын жұрттың көтермей.
Арыла алмадым шерлерден.
Талабым тас боп тынам ба?
Қай жақтан салам соқпақты?
Кетсем-ау, шырқап шығанға,
Шалдырмай соқыр тұманға.
Дүрсілде, жүрек, соқ қатты.
Таңдарым атты талықсып,
Түздерім жатты танаурап.
Жусанда тұрды налып шық,
Жоғалған сағым – алып шыт.
Қашады менен бәрі аулақ.
Еш жерден таппай барқадар,
Қабағым мұңлы сүлкиген.
Түрім жоқ ойды сарқа алар,
Жүгім көп талмай арқалар.
Іш – кеуек, сыртым күмпиген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көсілсем деп ем сетердей өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Көсілсем деп ем сетердей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көсілсем деп ем сетердей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көсілсем деп ем сетердей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері