Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен? – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1247
Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?
Бүгін болмас мақсатқа бір күн жетем.
Құрсағыңда жатқан бір перзентіңдей,
Бүйіріңді жер-ана бүлкілдетем.
Мен солай келіп жетем қайта өмірге,
Тірлікте табынамын қай тәңірге?
Күндерін көңілімнің көтереді,
Кең қазақ даласы атты байтақ ірге.
Сөз — тәңірім, сөз — патша, сөз — болысым,
Айтысар тағдырымен өз жолы үшін.
Өмірге өзі тігер өз отауын,
Өмірден өзі табар өз қонысын.
Жанымда жалын-отым жанады ақыр,
Бұл жырым да жазылды...
Қара да тұр.
Байқасам менен өзге өмірі бар,
Енші алып перзент өлең бара жатыр.
Бүгін болмас мақсатқа бір күн жетем,
Бүйіріңді, жер-ана, бүлкілдетем!
Шексіз жыры! Жырланар Өлең — Өмір,
Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен? өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері