Төл теңгеміз туралы

Бұл бетте «Төл теңгеміз туралы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1321
Туымды желбіретіп жел кереді,
Еліме осы еді ғой ең керегі.
Алтын орда заманынан бұл-бұл ұшып,
Тағдырым табыстырған теңгем еді.
Не бір ой мүжіп жеген ой адамын,
Кеудемнен сейілгендей кей алаңым.
Телмірмей теңгем барда тебіреніп,
Енді мен тәуелсізбін дей аламын.
Түскендей әсері бар сөзі аспаннан,
Шет жұртқа телмірдік-ау көз ашқаннан.
Енді мен бақыттымын, өгейсініп,
Басқа көз қарамайды өз ақшамнан.
Қол жетті алтын, лағыл, маржанына,
Бұрылып қарай алман жан-жағыма.
Басқа емес қарайды енді өз көзіммен,
Өмірдің қымбаты да, арзаны да.
Елұран, елтаңбамыз енгенменен,
Егемен ту көтеріп келгенменен.
Нұр-аға, арманың көп, арманыңжоқ
Орнықты тәуелсіздік теңгеңменен!
Мен айтсам, бұл қазақтың бағын айтам,
Өмірді сүйіп тұрып сағына айтам.
Алдымнан шықты бүгін жүз қаралық,
Тұғырға қайта мініп Абылай хан!
Кей дұшпан қамықты іштей, қатты өкінді,
Бұл іске досым түгіл жат шоқынды.
Халқымды демеп қолдап Әбілхайыр,
Оянып әруағы таққа отырды.
Жаратқан жазмышына жұбанайын,
Туған ел тәубе десіп қуанайын.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Тіріліп қайта көрді ұлы Абайын.
Өлмейтін тұлғаларын Отан көрді,
Бақытын, болашағын ботам көрді.
Тәуелсіз туған елдің теңгесімен,
Қазақтың өміріне Шоқан келді.
Ақыр қайыр жөнелер жол бұраңмен,
Бастаған батырлардай қолды ұранмен.
Өз күйін бастап кетті Құрманғазым,
Екінші Ана тілім — домбыраммен.
Мен неге Жамбылдайын, сыйынбайын,
Жүйрігім оза шапты құйындайын.
Алатауды жаңғыртып жырлай келді
Ақиық ақын атам Сүйінбайым.
Қуанбай қай қазағым жай таба алды,
Құшағын Алатауым айқара алды.
Әруақты бабамыз Әл-Фараби,
Туған қазақжеріне қайта оралды.
Күз келіп көк аспанда ұшқан бір күн,
Көктемде оралғандай құстар бір күн.
Көшетін қолдан-қолға ұлыларды,
Аялап алақанға ұстар жұртым.
Аз емес пайғамбардай сыйынары,
Халқымның табынатын пірі бәрі.
Өмірдің жыры мәңгі тоқтамайды,
Жырлай бер қазағымның ұлылары!
Дүние дөңгелеудей дөңгеледің,
Өзі тауып жатады ел керегін.
Қазақ қазақ болғалы қолға ұстаған,
Құтты болсын, ағайын, теңгелерің!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төл теңгеміз туралы өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Төл теңгеміз туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төл теңгеміз туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төл теңгеміз туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері