Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған

Бұл бетте «Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған,
Өңгенің керегі жоқ, құрсын, маған.
Мәукіл бас біреуі бар кекіл қойған,
Ұғындым, бұл өмірде ырысым – балам.
Шұрқырап жүгіреді анадайдан,
Серпіліп сала берер сана-майдан.
Құшаққа құлдыраңдап кетеді еніп,
Арылтып көкіректі тәмәм ойдан.
Басылар былдырынан шалдыққаным,
Қос қарғам – қуанышым мәңгі ұққамын.
Басамын бауырыма мейірлене,
Осылай бақыттың да алдық дәмін.
Сендерге қараймын да кемелденем,
Кездерің болмасыншы төмендеген.
Ақшүлен таудағы өскен ұрпақ едік,
Ұшар-ау бір күндері менен де өлең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері