Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес
Бұл бетте «Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құрдасы бар әкемнің үзеңгілес,
Араладым соны іздеп, күземді бес.
Балағаттап кетуші ем, балалық-ай,
Артықтау ғой. Білмеймін, түзелді ме ес?
Жоқ-жітікке арсыз күн қарамады-ай,
Жақсы менен жаманды сараламай.
... Байқап қалып қуандым Қанекеңнің,
Басындағы қалпағын дағарадай.
Алшаң басып жүрер ед еркек тегі,
Ашық айтам, ұлындай ерке еткелі.
Емпең-емпең жүрісін көрдім-дағы,
Қаңбақ шалға ұқсаттым ертектегі.
Кеткені ме соңғы кез шалдығы асып?
Тәтті қиял әп-сәтте қалды басып.
Ойнақшытып көздерін қуланатын,
Әкемменен қалжыңы таңға ұласып.
Бойы қапты бір тұтам бәкенедей,
Көрсе бізді кетпейді мәпелемей.
Қанапия – әкемнің жан құрдасы,
Тәріздісің бұл күні – «әкем өгей».
Күйін күйттеп кетпеді өз басының,
Азаматтық парасат – тозбас ұғым.
... Дарияға ұласар болашақта,
Құрдасыңның бір тамшы көз жасымын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі