Айнабұлақ – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Айнабұлақ» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1429
... Оңаша кетіп, Айнабұлақта отырып,
Сыра ішсем бе екен, Жұмекендерді шақырып ...
Мұқағали

Жер жәнаті мөп-мөлдір Айнабұлақ,
Ғашық болған өзіңе Ай да құлап.
Отыратын сыра ішіп Жұмекен мен
Мұқағали,
Алаңсыз жайланып ап.
Сыбдыр-сыбдыр теректер мұңын шағар,
Қиял жүйрік кеудеде құлынша ағар.
Қос ақиық сезімге шарпылады,
Жүрегінде бүр ашқан гүлін санар.
Долы тасқын өзегін жарып шығып,
Әл береді бір сәтке қарықса үміт.
Дүр сілкініп, жадырап қалары анық,
Басса дағы иығын кәріпшілік.
Қоздырады жыр-пері делебесін,
«Жадылайды» иектеп, өлең есін.
Қос ақын да айналар Алатауға,
Кеңге жайып сол замат керегесін.
Теңесер кім жалғанда ақшүленмен,
Амал қанша жаман да, жақсы да өлген.
Алатаудың қос бірдей серігі еді,
Кеткені ме алыстап қап, шын елден?
Шарпысатын сезімнің майданы ұнап,
Саған келген қос алып сайланып ап.
Сондықтан ба жырлары мөп-мөлдір боп,
Сарқырайды өзіңдей, Айнабұлақ.
Әділдікті жақтайтын қайда қуат?
Қуып жүр ғой кейбіреу пайданы уақ.
... Армандары жататын сайда құлап,
Шын ақынның басында қайдағы бақ?..


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айнабұлақ өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Айнабұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айнабұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айнабұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері