Жазылмастан қалды іште қаншама өлең –
Жадыра Байбұланова
Бұл бетте «Жазылмастан қалды іште қаншама өлең» атты Жадыра Байбұланова жазған поэзия туралы өлең берілген.
-
admin
- 05.02.2024
- 0
- 0
- 1127
Жазылмастан қалды іште қаншама өлең,
Өткен күннен белгі боп қалса деп ем...
Бәлкім, кейін, дәм-тұзым таусылғанда,
Бір шумақ жыр жазуды аңсап өлем...
Боялғандай бұлыңғыр түске маңай,
Тірі жүріп, тіл құрғыр тістеледі-ай!
Көздің жасын көрсету - қандай бақыт
Менің жасым ағады ішке қарай...
Құлыбы жоқ бұл өзі қандай қамау?
Жазылған ба бітпейтін маңдайға дау?
Менің жазам - мәңгілік махаббатты
Мүлдем естен шығару - мәңгі ойламау!
Адастырар деді ме осы көпті,
Маған тағдыр неге олай шешім етті?
Білсеңдер ғой, сайраған бұлбұлға да,
Алтын торда ән салу - қасіретті...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі