Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның
Бұл бетте «Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.02.2024
- 0
- 0
- 1022
Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның,
Мендегі бұлдыр Әлемнен!
Кембағал еді, кетік-ті арманым,
Сен келмей тұрып, әуелден…
Шыдай алмасың шын, ағыстарға,
Тағдыр сап берген белгімен!
Өзім сенбейтін қуаныштарға,
Өзіңді қайтіп сендірем?..
Сол күмән бізді тыныш қоймады,
Қайғымды қан ғып жұттың іш.
Ұмытсаң мүлде — дұрыс қой, бәрі…
Сағынбасаң да — дұп-дұрыс!
Қасірет тұман торуы жанды,
Сен бірақ мұңға малынба!
Кетсең… Бір себеп болуы заңды,
Және оны айтпағаның да!
Заңдылық кету — бөлек болғанда ой,
Сыртымда және ішімде!
Жоғалту Сені керек болған ғой,
Өзімді табу үшін де!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі