«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім –
Жадыра Байбұланова
Бұл бетте ««Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.02.2024
- 0
- 0
- 1553
«Сізге» айналып кеткелі «Сен» дейтінім,
Өлең болып барамын өң-кейпі – мұң…
Махаббатты сол шығар, жырлайтыным,
Махаббатқа сол шығар, сенбейтінім…
«Сәлеметсіз…» — жалғыз сөз сенен естір,
«Амансыз ба?..» — мендегі елемес түр.
Тағдыр, саған түк емес екі жүрек,
Егілерін білсең де, ерегестір!
Бәрі мәңгі деуші едік, қалды онымыз,
Бақыттымын сенсіз де — ал, көріңіз:
«Кетпешінің» орнына – «Көріскенше!»
«Сағындымның…» орнына – «Сау болыңыз!»
Жазғанымен қалуды бір жүздесіп,
Тірлік кешіп келеміз — тілсіз кешіп…
Өмір өтіп барады, өкініш — сол,
Сен екеуміз жүргенде «Сіз-Біз» десіп…
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі