Бара алмаған жолдар бар, барғым келер –
Жадыра Байбұланова
Бұл бетте «Бара алмаған жолдар бар, барғым келер» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 05.02.2024
- 0
- 0
- 1175
Бара алмаған жолдар бар, барғым келер,
Тама алмаған жанарда жаңбыр да өлер…
Адамдар көп, байқаймын, айналамда —
Амандықтан аспайды әңгімелер…
Қол бермесем — қалды дер құлашты аяп,
Жақсы десем жағдайым, растай-ақ!
Жан болса ғой, хат жазып жіберетін,
Аман-саулық, күн райын сұраспай-ақ…
Менің жалғыз жағдайым, дертім — жүрек,
Жақсымын деп, жүректі өлтірдім көп.
Өлең жазып отырмын хат орнына,
Босап қалған кеудені толтырғым кеп.
Көре алатын жан таппай жанарсыз да,
Көнді көңіл ызғарға, санам — сызға.
Ал адам көп…
Адам көп айналамда:
— Сәлеметсіз?
— Қалайсыз?
— Амансыз ба?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі