Сен бе едің мені айырып тастар ырқымнан –
Әділбек Ыбырайымұлы
Бұл бетте «Сен бе едің мені айырып тастар ырқымнан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен бе едің мені айырып тастар ырқымнан,
Ғашық боп қалдым – көрдім де бірден сыртыңнан.
Ішімде дауыл, жарқылдап жатыр нажағай,
Тұнжырап жүрмін, білмессің әсте шырқымнан.
Бүлдіршін кейпің сезімді алды тұмшалап,
Мүсәпір күйге түспеп ем бұрын мұнша нақ.
Жолықпай кеткен бір бейне ме едің мәңгілік?
Күнелтіп жүрмін, жете алмай саған күн санап.
Көрсем де жиі, жаныңа жақын бара алман,
Тілдесу ғана сенімен жеке – бар арман.
Табысып кетсек дәл мұндай ыстық болмас шын,
Махаббат өзі сағыныштардан жаралған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі