Бауыры бүтін пенде жоқ бүгін, жарқыным

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 3979
Бауыры бүтін пенде жоқ бүгін, жарқыным,
Самғашы биік, үдесін бәсең қарқының.
Күйгенмен аузың алғашқы ащы дәмдерден,
Үгіле берме, тәттісі шығар артының.
Сор болып біткен кер тартып жүр ме кежегең?
Кім екен сенің жолыңды кесіп, тежеген.
Мұңлылау көзің ой тастап маған қарайды,
Жымия қалсаң, жаным-ау, соның – өзі өлең.
Күлкіңде шаттық дертіме менің дару бар,
Тұп-тұнық қалпы тап-таза қардай қалуда ар.
Сұлусың неткен, періште ме едің жоқ әлде?
Тең келмес саған жаһанда небір арулар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауыры бүтін пенде жоқ бүгін, жарқыным өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Бауыры бүтін пенде жоқ бүгін, жарқыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бауыры бүтін пенде жоқ бүгін, жарқыным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауыры бүтін пенде жоқ бүгін, жарқыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері