Кіл сезіммен жүрегімді күптедің – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Кіл сезіммен жүрегімді күптедің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 954
Кіл сезіммен жүрегімді күптедің,
Жарқыным-ау, сенен бұны күтпедім.
Барасың ғой күнен-күнге баурап тым,
Неткен сонша жаның жомарт, мықты едің.
Еліттің-ау қылығыңмен, тіліңмен,
Байқалады мұң-сағыныш үніңнен.
Ғашық болмай мен қайтейін жаныңа,
Ақтарылсаң барыңменен, шыныңмен.
Кірпігіңе қонып апты мұң-шаңы,
Қалай жүрсің арқалап шын мұншаны.
Тағдыр дейміз, бұйрық дейміз
Әйтсе де,
Жарқыным-ау, ол – дініңнің жұмсағы.
Өкпелісің бақытыңды таппадың,
Өмір – көше, сен сенделіп таптадың.
... Құшағыма құлай бердің қыстығып,
Тірлік бізге тарта бермес ақ таңын.
Сезім, сезім: көңілімді ақтадың.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері