Жүзің сынық кейпіңді – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жүзің сынық кейпіңді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1019
Жүзің сынық кейпіңді,
Көргім де жоқ, жан еркем.
Мұңмен қарсы ап кей түнді,
Күліп тұрдың таңертең.
Кездеріңді пұшайман,
Сездірмедің пендеге еш.
Көңілімнің құсы, айнам,
Өзіңде ғой, менде емес.
Жанымды шын баурадың,
Күміс күлкің елітті.
Сен жоқ жерде жаурадым,
Бақытым да кеміпті.
Келешекке сенемін,
Жаси берме, налыма.
Бақыт құсы – сен едің,
Қонған келіп қолыма.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Осы автордың басқа өлеңдері